Ақкент ықшам ауданындағы өрт: 32 адам ауруханаларға жеткізілді, оның 16-сы – бала
Сурет: Zakon.kz
Алматыда бүгін кешке Ақкент ықшам ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің бірі өртеніп, адамдар терезеден секіруге мәжүр болған. Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы аталған оқиға кезінде ауруханаға 32 адам жеткізілгенін нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2023 жылы 1 тамызда сағат 18:30-дағы жағдай бойынша, Алатау ауданы, Ақкент ықшам ауданы, 54 үй мекенжайында болған өрт салдарынан қала ауруханаларына 31 адам жеткізілді, оның 16-сы - бала. Зардап шеккендер дін аман, қаза тапқандар жоқ. Науқастардың денсаулық жағдайы туралы қосымша хабарланатын болады".Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
Айта кетсек, Алматыда адамдар терезеден секіруге мәжбүр болған Ақкент ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдегі өрт 1 тамызда сағат 18-46-да оқшауланып, көп ұзамай толығымен сөндірілді.
Өрт кезінде жоғары қабаттардағы адамдарды эвакуациялау және құтқару жұмыстары жүргізілді. ТЖД күшімен баспалдақ арқылы 250-ге жуық адам эвакуацияланды, үш тік саты мен үш автомат саты арқылы 40 адам құтқарылды.
Оқиға орнында қалалық ТЖД күштері мен құралдары сапынан 50 адам және 14 техника жұмыс істеді, оның ішінде 3 автосаты бар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript