Алматыда Ақкент ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үй өрті сөндірілді

Өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2023 18:58 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Алматыда адамдар терезеден секіруге мәжбүр болған Ақкент ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдегі өрт сағат 18-46-да оқшауланып, көп ұзамай толығымен сөндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі 1 және 16-қабаттағы электр кабельдері жанғанын нақтылайды.

Айта кетсек, 1 тамызда сағат 17:10-да Алматы қалалық ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі дабыл белгісі бойынша Алатау ауданы, Ақкент ықшам ауданы, 54 үй мекен-жайына аттанды.

Оқиға орнына 6 минутта жеткен өрт сөндірушілер 16 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабаттағы пәтерлері ашық отқа оранғанын анықтады. Сондай-ақ 5 және 6-қабаттағы жеделсатының электр кабельдері де өртенген. Жоғары қабаттардағы адамдарды эвакуациялау және құтқару жұмыстары жүргізілді. ТЖД күшімен баспалдақ арқылы 250-ге жуық адам эвакуацияланды, үш тік саты мен үш автомат саты арқылы 40 адам құтқарылды. 

Оқиға орнында қалалық ТЖД күштері мен құралдары сапынан 50 адам және 14 техника жұмыс істеді, оның ішінде 3 автосаты бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: