Полицейлер жүкті әйелді патрульдік көлікте босандырып алды

Толғағы қысқан әйел патрульдык көлікте босанған Сурет: pixabay
7 қыркүйекке қараған түні Қарасай аудандық ПБ ППР қызметкерлері жүкті әйелге көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, полиция қызметкерлері толғағы қысқан әйелді перзентханаға барар жолда патрульдік көлікте босандырып алды.

Оқиға Алматы-Боралдай-Жібек жолы автожолының 16 шақырымында орын алды. Ер адам патрульдік полиция қызметкерлерін тоқтатып, жүкті әйелін ауруханаға жеткізуін өтінген. Жол бойында әйелді толғақ қатты қысып, полиция қызметкерлері оны босандырып алуға мәжбүр болған. Алғашқы көмек көрсетілген соң, анасы мен жаңа туған сәби дереу ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлерге тапсырылды, – деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Дәрігерлер тәртіп сақшыларының арқасында қайғылы оқиғаның алдын алынғанын хабарлады. Жаңа туған нәрестенің ата-аналары өз кезегінде полицейлерге жеделдік пен көмек үшін алғыс білдірді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз