Жұманғарин импорт тауарлардың тапшылығына қатысты түсініктеме берді

Кәсіпкерлермен кездесу Сурет: Zakon.kz
Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин кәсіпкерлермен болған кездесуден кейін Қазақстанда импорттық медициналық препараттардың, жеке гигиена бұйымдары мен зоотауарлардың тапшылығына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

БАҚ өкілдері саудагерлер тапшылықты әлемдегі геосаяси жағдайға байланысты тауар тасымалы желісінің бұзылуымен байланыстыратынын жеткізіп, осы мәліметті нақтылауды сұрады.

Әлемдік сауда жүйесі дистрибюторлық жүйеден негіз алады. Көптеген елдер құқықтар бөлінісінің өңірлік қағидаттарын ұстанады. Дистрибьютор тағайындалып, ол мемлекеттік тасымалмен айналысады. Шынында да, бірқатар дистрибьюторлар белгілі бір проблемалары бар елдерде орналасқан өнімді өндірушіге тәуелді. Сондықтан осы тауарларды жеткізетін компаниялар логистикалық тізбекті қайта қарастырады. Ол ұзаққа созылмайды, - деп жауап берді Сауда және интеграция министрі.

Жұманғарини елімізде импортты алмастыру бағдарламасы жұмыс істеп жатқанын, соның арқасында қазақстандықтар қажетті өніммен бәрібір қамсыздандырылатынын айтты. Үкімет импорттаушыларға тауарлар логистикасы мәселесінде көмек көрсетеді. Оның айтуынша, баламалы логистикалық жолдар әзірленді.

Менің ойымша, бұл мәселе ұзақ уақытқа созылмайды. Ешкім нарықты жоғалтқысы келмейді. Басқа елдердегі өнім өндірушілер Қазақстандағы жағдайды зерделеп, қайта бағыт құру үшін бірнеше ай қажет болады, деп қорытындылады өз сөзін ол .

Алматыда Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің өңірлік кездесуі өтті, жиында кәсіпкерлер бизнесті жүргізудегі қиындықтар туралы айтты. Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша министр ШОБ-қа қатысты айтылған барлық мәселелерді реттеуге уәде берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз