Серік Жұманғарин шегірткелердің егінге көрсетіп жатқан зияны туралы ақпараттарға түсініктеме берді
Сурет: pxhere
Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин 13 маусымда Сенаттың куларында шегірткелердің егінге көрсетіп жатқан зияны туралы ақпараттарға түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Вице-премьер бұл мәлімдемелерді жоққа шығарды. Сондай-ақ, Үкімет биыл жәндіктердің шабуылына қарқынды дайындалғанын айтты.
"Шегірткелер бүкіл егінді жеді" деген ақпарат жалған. Үкімет былтырғы қателіктерді ескере отырып, биыл жақсы дайындалды. Резервтен ақша уақытылы бөлініп, қаңтар айында тиісті қаулы қабылданды. Біз қосымша 3,9 млрд теңге бөлдік",-деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин.
Ол қазір жәндіктер көп жиналатын жерлерде техника жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
"Түркістан облысында аптаның соңына дейін біз бұл мәселені жоямыз деп үміттенемін. Дақылдар зардап шекпейді. Кейбіреулер "шегірткенің ұшатынын" айтады. Алайда, биыл біз оны жіберіп алмаймыз", – деп сендірді Серік Жұманғарин.
Бұған дейін Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Сенаттың кулуарында шегірткенің халал өнім екендігі туралы өз сөзіне түсініктеме берген болатын. Вице-премьер ешкімге шегіртке жеуді ұсынбағанын атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript