Жаңалықтар тізбегі
0

Серік Жұманғарин Премьер-министрдің орынбасары болды

Серік Жұманғарин, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2023 11:00 Сурет: primeminister.kz
Серік Жұманғарин Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұған дейін атқарған - Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Ол 1993 жылы Мәскеу Ленин орденді және Октябрь Революциясы орденді энергетикалық интитутын бітірді. 1997 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "экономика" мамандығы бойынша. 2013 жылы Халықаралық бизнес академиясында іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесін алды.

Еңбек өтілі:

  • 1993 – 2004 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысты.
  • 2005 – 2006 жылдары - Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары; Ақтөбе қаласы кәсіпкерлік бөлімінің бастығы.
  • 2006 – 2007 жылдары - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары.
  • 2007 – 2008 жылдары - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Ақтөбе облысы бойынша басқармасының бастығы; ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры.
  • 2008 – 2010 жылдары - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті төрағасының орынбасары, Сауданы дамыту департаментінің директоры; "Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
  • 2010 – 2011 жылдары - "NadLoc" жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары.
  • 2012 – 2013 жылдары - ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры; ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік даму комитетінің төрағасы.
  • 2013 – 2014 жылдары - ҚР Өңірлік даму вице-министрі.
  • 2014 – 2017 жылдары - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы.2019-2020 жылдары - Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (Министр).2020-2022 жылдары - Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы.
  • 2022 жылғы 15 тамыздан бастап ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.
  • 2022 жылғы 2 қыркүйектен бастап ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: