Серік Жұманғарин: Қазақстандықтарға дағдарысқа дайындалудың қажеті жоқ
Фото: primeminister.kz
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап беріп, өзінің "алдағы қиын кезеңдер туралы" айтқан сөзіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистер министрден бұл сөздердің артында экономикалық дағдарыс қаупі бар ма, халық бұған дайындалуы керек пе деп сұрады.
"Жоқ, қазақстандықтарға ешқандай дағдарысқа дайындалудың қажеті жоқ. Себебі біз сенімді сыртқы қорғаныс буферін құрып жатырмыз. Дәл осы себепті келесі жылы Ұлттық қордан мақсатты трансферттер бөлмейміз. Ұлттық қор – бұл ішкі және сыртқы кез келген соққыға қарсы біздің сенімді қалқанымыз. Біз оның жинақтау функциясын күшейтіп, капитализациясын арттырып жатырмыз", – деді Серік Жұманғарин.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаттары еліміздің үш жылдық бюджет жобасын қарап, қабылдаған болатын. Құжат енді Сенаттың қарауына жіберілді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript