Жұманғарин салық реформасына кім жауапты екенін айтты
Фото: primeminister.kz
Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин журналистердің салық-бюджет реформасының тәуекелдері туралы сұрақтарына жауап бере отырып, оның іске асырылуы мен үйлестірілуіне жеке өзі жауапты екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистер экономиканың барлық салаларына әсер ететін ауқымды фискалдық реформа сәтсіздікке ұшыраса, кім жауапты болатындығын және Үкімет бизнесті жалпыға бірдей белгіленген режимге көшіру кезінде ықтимал қателерді қалай түзетуді жоспарлап отырғаны сұрады.
Жұманғарин салық реформасы мен оны үйлестіруге жеке жауапты екенін мәлімдеп, әріптестері әрқайсысының өз бөлігі үшін жауапты екенін атап өтті.
"Бізде барлығы жоспар бойынша орындалатынына сенімдімін. Ешқандай сылтаусыз және мәселесіз іске асады. Бұл сынама емес. Мұндай салада тәжірибе жасауға ешкімнің құқығы жоқ. Бұл есептеулер, бұл халықаралық тәжірибеге сүйену. Бастысы бұл болжам емес. Жоба бойынша институттар, ең үздік мамандар жұмыс істеді. Ресей Федерациясында келер жылдан бастап ҚҚС 20-дан 22%--ға дейін көтеріледі. Өткен жылы олар корпоративті табыс салығын 20-дан 25%-ға дейін көтерді. Бұл, айталық, әлемдік тәжірибеде жиі кездеседі. Дегенмен, Қазақстан ашық әрі халық пікіріне құлақ асатын мемлекет болғаннан кейін біз бұл реформаны қарапайым халықпен, бизнес өкілдерімен бір жыл бойы талқыға салып келеміз. Басқа елдерде мәселе тез қабылданып, іске асырылады",- деді ол.
Сонымен қатар, ол егер кенеттен мәселелер пайда болып жатса, өзінің отставкаға кету мүмкіндігі жайлы сұраққа да жауап берді. Оның айтуынша, мұндай шешімді мемлекет басшысы қабылдайды, бұл оның құзыретіндегі мәселе емес.
"Мен мемлекеттік қызметкермін. Маған сеніп тапсырылған сала үшін мен жауаптымын. Мен ешқашан бас тартқан емеспін және оны ешкімнен асырмаймын", – деді Жұманғарин.
Бұған дейін Үкіметте 2026 жылы бизнеске қосымша қаржылық қолдау көрсететіндігі жайлы жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript