Үкімет 2026 жылы бизнеске қосымша қаржылық қолдау көрсетеді

Глобализация, глобальный бизнес, бизнес, глобальная экономика, международный бизнес, международные отношения, международные связи, международная торговля, глобальные связи, цифровизация , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2025 15:36 Фото: pixabay
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2025 жылғы 23 желтоқсанда Үкімет отырысында 2026 жылы бизнесті қолдау жөніндегі жоспарлар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2025 жыл жаңа салық-бюджет саясатының қабылдануымен ерекшеленді.

"Жаңа фискалдық саясатта бекітілген негізгі қағидаттар, ең алдымен, өңірлік стандарттар жүйесі арқылы аймақтар арасындағы теңсіздікті азайтуға, сондай-ақ кәсіпкерліктің, әсіресе микро және шағын бизнестің дамуындағы алшақтықты жоюға бағытталған. 2026 жылдан бастап фискалдық саясат бюджет кірісін қосымша шамамен 4 трлн теңгеге ұлғайтуды көздейді", – деді Серік Жұманғарин.

Министр атап өткендей, қосымша қаржылық ресурстар, ең алдымен, Президент пен Үкімет тарапынан қазақстандық бизнесті дамыту мен қолдауға бағытталады.

"Салық базасын кеңейту қағидаты бизнестің көбірек табыс табуымен қатар жүретін басты басымдық болып табылады", – деп толықтырды ол.

Бұған дейін Қазақстанда бизнесті қаржылық емес қолдау көрсету қағидалары өзгергені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: