"Байлар көп төлеуі тиіс": Серік Жұманғарин салық реформасының мәнін түсіндірді

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2025 жылғы 9 сәуірде Парламентте салық реформасының мәнін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол бизнестің бөлінуіне қарсы күресті күшейту үшін заңды тұлғаларды тіркеуге қатысты өзгерістер енгізу ұсынылатынын атап өтті. Егер компанияның құрылтайшылары немесе басшылары бұрын ауыр салық бұзушылықтары үшін жауапкершілікке тартылған болса, олар жаңа заңды тұлғаны тіркей алмайды.
"Салықтық әкімшілендіру сапасын жақсарту мақсатында, салықшылар адал бизнесті мазаламауы үшін, кешенді салық тексерулері тек кәсіпорынға салынатын салықтық жүктеме салалық және аймақтық орташа деңгейден төмен болған жағдайда тағайындалуы ұсынылады", – деді Серік Жұманғарин.
Оның пікірінше, бұл салық органдарына өз күш-жігерін қауіпті жағдайларға бағыттауға және негізсіз тексерулерден аулақ болуға көмектеседі.
"Осылайша, ұсынылған салық реформасы табысын жасыратын адал емес салық төлеушілерге және салық салудың әділдігін күшейтуге бағытталған. Байлар көп төлеуі тиіс", – деп қорытындылады Серік Жұманғарин.
Бұған дейін Шығыс Қазақстанда бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript