Шығыс Қазақстанда бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған

Мәселен, талдау барысында туристік нысандарды салуға жұмсалатын шығындарды субсидиялау кезінде бюджет қаражатының тиімсіз пайдалануы, туроператорлық қызметті лицензиялау саласындағы мәселелер, сондай-ақ туристік іс-шараларды ұйымдастыруға қатысты мемлекеттік сатып алуларда туындаған тәуекелдер анықталды. Сонымен қатар, туристік нысандарға кіруге заңсыз шектеулер қойылып, демалушылардан заңсыз ақша жинау фактілері де тіркелген.
"Бірнеше жыл бұрын пайдалануға берілген туристік нысандарға шығындарды өтемақы ретінде төлеу жағдайлары бар, бірақ бұл шаралар тек 2022 жылдың қаңтар айынан кейін салынған нысандарға ғана қатысты. Мұндай нысандар бойынша бюджет шығындарының жалпы сомасы 500 млн. теңгеден асады. Бұл фактілер субсидия беру негізділігіне күмән туғызып, бюджет қаражатын негізсіз жұмсау үшін алғышарттар тудырады". ШҚО бойынша департамент басшысы Денис Шакенов
Сонымен қатар, туроператорларды лицензиялау саласында ұсынылған деректердің шынайылығын тексеруде кемшіліктер анықталып, кәсіпкерлер талаптарды айналып өтіп, деректі сәйкессіздікке қарамастан лицензия алуға мүмкіндік алған.
"Барлық аталған жағдайлар бойынша материалдар, бұл мәселелерді шешіп, кінәлі тұлғаларлдың жауапкершілігін қарастыру үшін құзырлы мекемелерге жолданады", – деп атап өтті Денис Шакенов.
Бұған дейін Ақтөбеде үлескерлерден 421 млн теңге ұрлау фактісі анықталғаны жайлы жазған болатынбыз.