Қазақстандағы АҚШ елшілігі туын төмен түсірді

АҚШ туы Сурет: Twitter/USembassyKAZ
Королева Елизавета II-нің қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарға байланысты Қазақстандағы АҚШ елшілігі Нұр-Сұлтанда байрағын төмен түсірді, делінген елшіліктің Twitter желісіндегі 9 қыркүйектегі жазбасында, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі Ұлыбритания мен Достастық елдерінің корольдік отбасы мен халқына патшайым Елизавета II-нің қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

Патшайым Елизавета II көптеген американдық үшін шабыт болды және оның басшылығы арқылы АҚШ-Британия тығыз одағын нығайтты, - делінген хабарламада.

8 қыркүйекте патшайым Елизавета II Балморал сарайында 97 жасында қайтыс болды.

Ұлыбритания патшайымы тұрақтылықтың символы болып саналды. Оның өліміне көптеген әлемдік саясаткерлер реакция білдіріп жатыр.

Елизавета II-нің ұлы Чарльз таққа мұрагер болады. Ол Чарльз III деген есімді алды. Оны Ұлыбританиядан басқа тағы 14 тәуелсіз мемлекет – Австралия, Антигуа және Барбуда, Багам аралдары, Белиз, Гренада, Канада, Жаңа Зеландия, Папуа-Жаңа Гвинея, Сент-Винсент пен Гренадин, Сент-Китс пен Невис, Сент-Люсия, Соломон аралдары, Тувалу және Ямайка патша деп жариялайды.

10 қыркүйекте Карл III Ұлыбританияның королі болып жарияланады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз