Санкциялар Ресей экономикасына бағытталған – Қазақстандағы АҚШ елшілігі
Сурет: kz.usembassy.gov
Қазақстандағы АҚШ-тың елшілігі Украина аумағындағы күрделі әскери жағдайға байланысты Ресейге қарсы жарияланған санкцияларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Украинадағы жағдай тез өрістеп жатыр, сондықтан қазір ұзақмерзімді шаралар мен олардың салдары қандай болатынын айту қиын. Алайда, АҚШ санкциялары Ресей экономикасына бағытталғанын және оның басқа елдердің, соның ішінде Қазақстанның да экономикасына қатты тимейтіндей жасалғанын атап өткіміз келеді. ҚР-дағы АҚШ елшілігінің баспасөз қызметі
Елшілік Қазақстанмен әріптестіктің 30 жылы бойында АҚШ назары ел экономикасын әртараптандыруға және оны нығайту істеріне көмектесуге бағытталғанын атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript