Қуат Хамитов ресейлік нокаутерді бірінші раундта-ақ жер жастандырды

Әлеуметтік желі Сурет: kuat_khamitov/Instagram
Қазақстандық файтер Қуат Хамитов өзінің бұл жеңісін "Қаралы қаңтар оқиғасы" кезінде көз жұмған отандастары құрметіне арнайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырауда өткен Mergen Fighting Championship 3 (MFC3) турнирінде қазақстандық файтер Қуат Хамитов ресейлік Василий Бабинцевті (4-7) жеңді, деп хабарлайды prosports.kz.

Ресей файтері осы уақытқа дейінгі бүкіл айқастарын нокаутпен аяқтаған болатын.  Аралық салмақтағы кездесу үш раундқа шақталғанымен бірінші раундта-ақ Қуат Хамитовтың тұншықтыру тәсілінің арқасында оның жеңісімен аяқталды.  Осылайша Қуат Хамитов кәсіби спорт жолындағы 24-ші жеңісіне қол жеткізді, ал Василий Бабинцев жетінші мәрте ұтылды. 

Жекпе-жектен кейін 34 жастағы Хамитов ресейлік Мариф Пираевпен (27-4-1) немесе әзербайжандық Нариман Аббасовпен (27-4) кездескісі келетінін мойындады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз