Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда 2023 жылы "Өнеркәсіптік ипотека" енгізіледі

өндіріс, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2022 13:51 Сурет: primeminister.kz
"Алматы қаласын 2025 жылға дейін және орта мерзімді перспективаларды 2030 жылға дейін дамыту" бағдарламасын іске асыру шеңберінде "Өнеркәсіптік ипотека" жаңа несие өнімі енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

Жеңілдетілген несиені шағын өнеркәсіптік парк құрылысын салу ниеті бар компаниялармен қатар, өндіріс алаңдарын сатып алу ниеті бар кәсіпкерлер де пайдалана алады. Өнеркәсіптік ипотека қарызды қамтамасыз ету ретінде өнеркәсіптегі сатып алынған алаңдарды пайдалануға мүмкіндік береді.

Қазір шағын өнеркәсіптік парктерді дамыту Алматы Индустриалды аймағында және өнеркәсіптік базалардың тоқтап тұрған, тиімсіз пайдаланып отырған аумағында белсенді түрде іске асып жатыр. Мұндай алаңдар барлық қажет техникалық жағдаймен және коммуникациялармен қамтамасыз етілген. Шағын өнеркәсіптік паркте орналасу артықшылығының арасында кейіннен сатып ала отырып, үй-жайды жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша ұзақ мерзімді жалға алу мүмкіндігі бар.Алматы әкімдігі

Бүгінде Алматыда үй-жайдың жалпы алаңы 26,5 мың шаршы метр болатын 8 шағын өнеркәсіптік парк жұмыс істейді. Салынған жеке инвестиция сомасы - 2,2 млрд теңге. 669 жаңа жұмыс орны құрылған.

Қазір 1 700-ден астам жұмыс орны құрыла отырып, жалпы алаңы 66,3 мың шаршы метрді құрайтын 11 шағын өнеркәсіптік парктің құрылысы жүріп жатыр. Инвестиция сомасы - 8,85 млрд теңге. Өнеркәсіптік паркте орналастыруға арналған күту тізімінде қазір 106 мың шаршы метрді қажет ететін 180 компания бар.

2030 жылға дейін Алматы қаласында алаңын 1 млн шаршы метрге дейін арттыра отырып және 1 000-ға жуық өндірісті орналастыра отырып, 100-ден астам жаңа шағын өнеркәсіптік парк құрылысын салу жоспарланып отыр. Жеке инвестиция 300 млрд. теңгеден астам соманы құрайды. Бұл 20 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: