Алматы халқы соңғы 10 жылда жарты миллион адамға өсті
Сурет: primeminister.kz
Бұл туралы Алматы даму орталығының сайтында жалпыға ортақ талқылау үшін жарияланған «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарының негізгі басымдықтары және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» атты құжатта айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Алматы халқы соңғы 10 жылда 500 мыңнан астам адамға өсті, сонымен бірге қаланың әлеуметтік, көлік және басқа инфрақұрылымына жүктеме айтарлықтай өсті», – делінген құжатта.
Көші-қон өсімнің шамамен 60%-ын береді, оның құрылымында жоғары білімі бар адамдардың үлесі 2012 жылғы 30%-дан 2021 жылы 60%-ға дейін ұлғайды.
Құжат 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін жалпы талқылауда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript