Жаңалықтар тізбегі
0

ІІІ Чарльз II Елизавета патшайым салып кеткен сара жолмен жүруге уәде берді

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2022 20:18 Сурет: Instagram/theroyalfamily
Ұлыбритания патшасы ІІІ Чарльз 12 қыркүйекте Парламент алдында үндеу жасады. Ол патшайым ІІ Елизавета салған сара жолмен жүруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, делінген 12 қыркүйекте патша отбасының Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған жазбада, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қауымдар палатасының төрағасы Линдси Хойл мен Лордтар палатасының спикері Джон Макфолл ІІ Елизаветаның қайтыс болуына байланысты көңіл айту қағазын оқыды. Олар ІІІ Чарльзге адал қызмет етуге уәде берді.

Лордтар палатасы мен қауымдар палатасының көңіл білдірген хаты үшін алғыс айтамын. Онда патшайымның бәріміз үшін қандай маңызды болғаны айқын көрсетілген. Шекспир айтқандай, ол "жер басып жүрген барлық ханзадаларға үлгі" болды, - деді III Чарльз.

Чарльз II Елизаветаны Ұлыбританияға жан-тәнімен қызмет еткен адам ретінде үлгі екенін атап, өзі де патшайым салған сол сара жолмен жүруге уәде берді.

Марқұм патшайым жас кезінде-ақ өзін еліне және халқына қызмет етуге, сондай-ақ мемлекетіміздің негізі болып табылатын конституциялық басқарудың баға жетпес қағидаттарын сақтауға арнады, - деді ІІІ Чарльз.

Чарльздың айтуынша, ІІ Елизавета өз борышын жанқиярлықпен орындаудың үлгісі бола білді. Сондықтан ол да осы үдеге сай болуға тырысатынын жеткізді.

Патшаның үндеуінен кейін Парламент оркестрі Ұлыбританияның "Құдай Патшаны сақтасын" әнұранын орындады.

II Елизавета қайтыс болғаннан кейін 10 қыркүйекте ІІІ Чарльз халқы пен Достастыққа арнап алғаш рет үндеу жариялады.

8 қыркүйекте ІІ Елизавета патшайым Балморал қамалында 97 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: