Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Конституциялық кеңеске жолданды

Конституциялық кеңес Сурет: senat.parlam.kz
Конституциялық Кеңес ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісі депутаттарының ұсыныстарына байланысты әзірленген «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын қарау үшін өз өндірісіне алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Конституциялық Кеңес ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісі депутаттарының ұсыныстарына байланысты әзірленген «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын ҚР Конституциясының 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде. Конституциялық Кеңестің шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, делінген хабарламада.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз