Алматы хайуанаттар бағы ягуардың төлін көрсетті
Сурет: видеодан скриншот
Хайуанаттар бағының Instagram-дағы парақшасында туғанынан екі ай өткен соң алғаш рет далаға шыққан ягуардың екі күшігінің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Хайуанаттар бағы қызметкерлері жыртқыштардың 8 шілдеде дүниеге келгенін, бүгін, 16 қыркүйекте далаға алғаш шыққанын хабарлады.
Балалардың өсіп, күш-қуат алуына уақыт керек болды. Бұлар - ұл мен қыз. Олар кішкентай сүйкімді болса да, қазірдің өзінде тұтас ягуарлар. Олардың әкесінің аты Василий, анасының аты Момын.
Видеода балалардың әкесі де байқалады.
6 қыркүйек күні Алматы хайуанаттар бағында жұп жираф - Хан мен Сұлудың сәбилі болғаны белгілі болды. Зообақ жаңа туған жирафқа ат қоюға байқау жариялаған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript