Қарағанды хайуанаттар бағына сирек кездесетін жануарлар әкелінді
Сурет: unsplash
Қарағанды хайуанаттар бағы ерекше жануармен толықты. Онда екі Түркістан сілеусіні орналастырылды. Жыртқыштардың видеосы хайуанаттар бағының Instagram-дағы парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарағанды зообағы қос өркешті түйелерді Қырғызстанның «Бугу-эне» қоғамдық қорына беріп, орнына Түркістан сілеусіндерін алдырған. Сілеусін ұрғашысының аты –Жұлдыз, еркегі — Тенгиз.
Сарапшылардың пікірінше, бұл жануарлардың тіршілік ету ортасы — орман, дала, жартасты жер, тау бөктері.
Мұндай кіші түр біздің хайуанаттар бағына алғаш рет әкелініп тұр. Жыртқыштар жақсы өсіп, ұрпағын жалғастырады деп үміттенеміз. Бұл жануарлардың жетілуі үш жаста, ал өмір сүру ұзақтығы -15-18 жыл.Қарағанды хайуанаттар бағының баспасөз қызметі
Бұған дейін «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық паркінде Түркістан сілеусіні видеоға түсіп қалғаны хабарланған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript