Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы төрінде өтіп жатқан "АЛМА Fest" фестивалінен фоторепортаж

Қала күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2022 13:34 Сурет: Zakon.kz
"АЛМА Fest" - көптеген мәдени-ойын-сауық іс-шараларды, байқаулар, шеберлік сағаттары және мерекелік концертті қамтитын ауқымды отбасылық фестиваль. Zakon.kz оқиға орнынан фоторепортаж ұсынады.

"АЛМА Fest" - қала күні және Алматының 1006 жылдығының құрметіне орайластырылған жыл сайын өтетін 11-ші қалалық Алма фестивалі.

Фестиваль дәстүр бойынша Тұңғыш Президент саябағында өтті.

Жан-жақтың барлығы алмаға толы.

Саябақта Алматыға арналған әндер шырқалып, төгілген күн шуағы да қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Мұнда бала-шағасымен жүрген отбасылар қарасы да көп.

Қала күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2022 13:34

Сурет: Zakon.kz

Мына бір жерде қошқар көтеруден жарыс өтіп жатыр. Ойын шарты бойынша ұсақ тұсақты мойынға салып, отырып-тұру керек. Бұл спорттық ойынға кез-келген адам қатыса алады.

АЛМА Fest, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2022 13:34

Zakon.kz

Адамдар алманы қабымен сатып алып жатыр, бұл арада апортты бірнеше жерден ғана кездестіруге болады, Алматы үшін, бұл өте сирек кездесетін сорт.

Фестиваль, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2022 13:34

Сурет: Zakon.kz

Саябақ аумағы бірнеше аймаққа бөлінген:

АЛМА ӘЛЕМІ - фестивалге келуші қонақтар алғаш аяқ басатын аймақ. Мұнда адамдар фестивальды насихаттаушы кейіпкерлермен суретке түсе алады. Қонақтарды алмамен байланысты кейіпкерлер қарсы алады: Алманың әкесі (Алма Ата), аяғына ұзын таяқ таққандар, Ақшақар және оның жеті ергежейі, алмамен байланыстырылған фото әлем және т. б.

Фестиваль, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2022 13:34

Сурет: Zakon.kz

ЭТНО ӘЛЕМ. Қазақ халқының өмірі мен тұрмысын сипаттайтын тарихи аймақ. Бұл аймақта жартылай ашық киіз тігілген. Ол арада ұлттық музыка өкілдері - "Сазген сазы" ФЭА мен "Аалатау" ТТИ ұжымы мен солистері өнер көрсетуде. Бұдан бөлек көрермендерге айтыс, ұлттық аспапта виртуозды орындаушылар және, әрине, қазіргі заманғы этно-мәдени топ өкілдерінің өнері ұсынылады.

АЛМА КӨРКЕМ. Балалар жылына байланысты фестивальде бірнеше балалар аймағы ұйымдастырылған. Мұнда жас суретшілері, көркемсурет мектептері мен колледждерінің тәрбиеленушілері арасында байқау өтіп жатыр. і

АЛМА Fest, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2022 13:34

Сурет: Zakon.kz

АЛМА ЖІГЕР. Бұл белсенді жастар мен бұқаралық спортқа арналған аумақ. Оның бір бөлігінде экстремалды спорт, екінші бөлігінде бұқараға арналған спорт алаңдары да бар. ЭКСТРИМ алаңында экстремалды спорт түрлерінің көрсетілімдері өтеді. ЭКСТРИМ және БҰҚАРАҒА АРНАЛҒАН алаңдардның арасында Баршаға арналған Салауатты тамақтану аллеясы түзілген. Аллеяда қонақтарға дұрыс тамақтану режимімен танысуға мүмкіндік беретін азық-түлік корты орналасқан.

АЛМА ОТБАСЫ. Отбасылық және балалардың демалыс аймағы. Бұл аймақта аттракциондар, балаларға арналған көркем және спорттық шеберлік сыныптары, бүкіл отбасы үшін ойындар ұйымдастырылған.

АЛМА Fest, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2022 13:34

Сурет: Zakon.kz

"АЛМА БАЗАР" аймағындағы бренд павильондар желісінде Алматы қаласы және облыстың шаруалары әкеліп жеткізген алма жәрмеңкесі орналасқан. Бұл арадан қонақтар алманың әртүрлі сорттарын сатып ала алады.

АЛМА Fest, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2022 13:34

Сурет: Zakon.kz

100 тоннадан астам алма жеткізу жоспарланған. Осы аймақта сахна орналасатын болады, онда ауыл шаруашылығы байқауының жеңімпаздары марапатталады. Қонақтарға караоке, би шеберлік сағаттары, тақпақ жарыс ұйымдастырылған.

Фестиваль, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2022 13:34

Сурет: Zakon.kz

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: