Жүрсін Ерман, Орынша Қарабалина, Асылы Османға Алматының Құрметті азаматы атағы берілді

Марапаттау Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімі Ерболат Досаев "Сүйем сені, Алматы!" ретро-фестивалінің ашылу салтанатында сөз сөйлеп, 10 адамды "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағымен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл бәріміз үшін, әрбір алматылық үшін ерекше мереке! Мен осында туып өстім, менің ең жылы естеліктерім Алматымен байланысты. Мұнда мен отбасын құрдым, балаларым өсіп келеді. Бізде Алматыны дамыту бойынша үлкен мақсаттар мен міндеттер бар. Бәріміз бірге қаламызды одан одан да жақсырақ және әдемі етуіміз керек. Біздің негізгі мақсатымыз – жайлы қалалық орта құру және мегаполистің барлық аудандарында тұрғындардың табысын арттыру. Мен Алматының барлық тұрғындарына шын жүректен махаббат пен зор денсаулық тілеймін! Біздің Алматы өсіп, гүлдене берсін! Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев

Құттықтау сөзінен кейін Досаев Алматының дамуы мен гүлденуіне елеулі үлес қосқан 10 тұрғынды "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағымен марапаттады. Олардың қатарына Ұлы Отан соғысының ардагері, тарих мұғалімі, қоғам қайраткерлері, әртістер және т.б. кірді.

Атап айтқанда:

  1. Талапқали Әбішұлы Ізмұхамбетов - Қазақ КСР-нің Жоғары Кеңесінің депутаты, ҚР бұрынғы Денсаулық сақтау министрі, мемлекет және қоғам қайраткері, медицина ғылымдарының кандидаты;

  2. Меруерт Қаратайқызы Өтекешова - Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртісі, кино және театр әртісі;

  3. Алтынбек Қоразбаев - Қазақстанның халық әртісі, белгілі қоғам қайраткері;

  4. Асылы Әлиқызы Осман - ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі;

  5. Жүрсін Молдашұлы Ерманов - ақын, журналист, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы;

  6. Зинаида Леонтьевна Федотова - мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері;

  7. Қайырлы Уатайұлы Жоңқабаев - соғыс ардагері;

  8. Орынша Қарабалина - ұстаз, тарихшы;

  9. Күпесбай Оразбайұлы Жампейсов - мемлекет және қоғам қайраткері, отставкадағы 1-ші рангілі капитан, әскери теңізші;

  10. Любовь Владимировна Нысанбаева - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген архитекторы.

Марапатталғандар құрметті атақтан бөлек 1 млн теңгенің ақшалай сертификатын алды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз