"Криптовалютамен қызықтырған". Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды

Қаржы пирамидасы Сурет: polisia.kz
Олар - Қытай Халық Республикасының төрт тумасы, олардың екеуі “қандас” мәртебесімен Қазақстан азаматтығын алған, тағы екеуінің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдіктілер қамауға алынды. Басты тұлға – 26 жастағы Д. есімді бойжеткен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Топтың басқа мүшелерінің қылмысқа қатысы мен рөлі тергеу барысында анықталатын болады.

Қаскөйлер келесідей тізбек бойынша әрекет етті: “Лазада групп” компаниясының атынан әрекет ете отырып, олар интернетте капиталды ұлғайту мүмкіндігі туралы хабарландыру жариялады және азаматтарға криптовалютаға салым салуды ұсынады.

Аңғал адамдар көп болып шықты: күмәнді жобаға кейбіреулері миллиондаған теңге салған. Шын мәнінде, “кәсіпті” ұйымдастырушылар дивидендерді төлеуді ойламаған да, олар бастапқыдан-ақ халықты алдауды мақсат еткен. Зардап шеккендер аудандық полиция басқармаларына жүгіне бастады, – дейді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Күдіктілерді қаланың криминалдық полициясының, сондай-ақ Наурызбай және Алмалы аудандық полиция басқармаларының қызметкерлері Ақкент шағын ауданындағы пәтерлердің бірінде ұстады.

Бұл арада сөз үш қыз бен бір жас жігіт туралы болып отыр. Топтың ең үлкен мүшесі – 26-да, алдын ала мәлімет бойынша, ол жетекшісі, ең жасы небәрі – 20 жаста.  

Жедел-тергеу тобы күдіктілердің үйлерін тексеру барысында әртүрлі адамның атына ашылған 60-тан астам банк картасын, төрт ұялы телефонды, sim-карта мен ноутбуктарды тәркіледі. Маңызды деталь: жалға алынған пәтерден банктік карта шоттары мен құпия сөздері бар бес дәптер де табылды. Қазіргі уақытта бірқатар қылмыстарға қатысы бар басқа да адамдарды анықтау және ұстауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, – деді Аханов.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз