Тоқаев футболдан ұлттық құраманы тарихи жеңісімен құттықтады

Өз құттықтауын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) September 22, 2022Бүгін Беларусь командасын жеңген футболшыларымыз Ұлттар лигасындағы өз тобында жеке-дара көш бастады. Бұл – отандық футболдың зор жетістігі. Ұлттық құрамамызды құттықтаймын! Жеңістен жеңіске жете беріңіздер!
Айта кетсек, бірнеше минут бұрын "Астана Арена" стадионында УЕФА Ұлттар лигасы-2022 топтық кезеңі аясында кездескен Қазақстан құрамасы Беларусь командасын 2:1 есебімен жеңді. Осылайша Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет Ұлттар лигасындағы өз тобынан суырылып шығып, жоғары дивизионға көтерілуге мүмкіндік алды.
Бөлісу
0
Толық оқу