Тоқаев Қазақстан халқын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне орай Twitter-дегі парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын! Көне дәуірден жеткен бұл аспап халқымыздың болмыс-бітімін, салт-дәстүрі мен мәдениетін айшықтайды. Рухымызды көтеріп, мерейімізді өсірген домбыра асыл мұрамызға, ұлттың символына айналды. Біз оны жан-жақты дәріптей береміз", – деп жазды Мемлекет басшысы.
Қазақстанда Ұлттық домбыра күні жыл сайын шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі. 2023 жылы бұл оқиға осы айдың 2-ші күніне сай келеді. Ұлттық музыкалық аспапқа арналған Домбыра күні 2018 жылы 12 маусымда шыққан ҚР Президентінің Жарлығымен ресми түрде бекітілді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript