Ижевскідегі мектепте кім атыс шығарғаны белгілі болды

Удмуртия, мектеп, атыс Сурет: sledcom.ru
Ижевскіде атыс шығарған ер адам сол мектептің түлегі болып шықты. Бұл туралы Ресейдің Тергеу комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комитеттің мәліметінше, шабуыл жасаған 1988 жылы туған Артем Казанцев есімді осы мектептің түлегі екен.

Ол өз-өзіне қол жұмсады.

Қазіргі уақытта оның үстінде нацистік рәміздер бейнеленген қара жейде анықталды. Ешқандай құжаты болған жоқ. Ресейдің Тергеу комитетінің баспасөз қызметі

Ижевск мектебінде 26 қыркүйек күні таңертең атыс болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, 13 адам қайтыс болды, оның ішінде алтауы ересек адам, жетеуі оқушы, 14 бала мен жеті ересек адам жараланды. Қаза болғандар мен жараланғандар туралы ақпарат нақтыланып жатыр. Ресейдің Тергеу комитетінің баспасөз қызметі

Удмуртияда 29 қыркүйекке дейін қаралы күн жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз