Шымкентте атыс шығарған ер адам 15 жылға сотталды
Сот үкімін Шымкент қаласы Мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Самиддин Темірәлиев оқыды. Айыпталушы орташа қауіпсіздік мекемесінде 15 жыл жазасын өтейтін болды.
Сурет: Zakon.kz
Шымкенттегі "Арсенал" қару-жарақ дүкенінде атыс 2023 жылы 20 ақпанда Иляев пен Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында болған. Оқиға орнына күзет агенттігінің қызметкерлері келіп жетті. Солар мен белгісіз қарулы адам арасында дүкен ішінде атыс болды. Күзетшілердің бірі сол қолының саусағын жаралады, екінші күзетшіге оқ тигенімен, қорғаныс киімінен ары өтпеді. Ұсталған адам Шымкенттегі жалдамалы пәтерде тұратын 49 жастағы Өзбекстан азаматы болып шықты. Одан аңшылыққа арналған мылтық пен ұрланған Сайга карабині тәркіленді.