Тоқаев Түркістан облысының әкімімен серуендеп, өңірді дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды серуендеу барысында өңірдің даму болашағын талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Серуеннен фото Ақорданың Telegram-дағы каналында жарияланды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жай-күйімен танысып, нысанның дұрыс қорғалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына 27 қыркүйекте барды. Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралап, жұртшылықпен кездесу өткізіп, облыстағы бірқатар еңбек ардагерлерін марапаттады.
Бөлісу
0
Толық оқу