Тоқаевқа Түркістан облысының әкімі есеп берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2022 14:39 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады. Әкім президентке Түркістан облысында биылғы 8 айда атқарылған жұмыс туралы есеп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дархан Сатыбалды өз баяндамасында мына мәселелерге тоқталды:

  • жалпы өңірлік өнеркәсіп өнімінің көлемі 534 миллиард теңгеге жеткен (2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 125 миллиард теңгеге өскен);

  • жалпы құны 12,7 миллиард теңгені құрайтын 26 инвестициялық жоба іске қосылған, 936 жұмыс орны ашылған;

  • ауыл шаруашылығы саласында 477 миллиард теңгенің өнімі өндірілген (былтырмен салыстырғанда көрсеткіш 4 пайызға артқан);

  • облыста бірқатар су нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізілген;

  • жоспардағы шаралар іске асырылғаннан кейін ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1 триллион теңгеге жетеді;

  • жыл басынан бері 486 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген;

  • жыл соңына дейін жалпы 85 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр;

  • бюджет есебінен 59 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр, нәтижесінде биыл 4 апатты және 2 үш ауысымды мектептің мәселесі шешіледі;

  • жеке инвесторлар 13 мектепті пайдалануға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында қолға алынған жобаларды жалғастыруды және халықпен тығыз жұмыс істеу мәселесін күшейтуді тапсырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: