Алматыда ағашқа соғылған BMW үлкен кептелістің орын алуына түрткі болды

Жол апаты Сурет: Zakon.kz
Алматыда әл-Фараби даңғылымен жүйіткеп келе жатқан BMW көлігі ағашқа соғылып, үлкен кептеліс туғызды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 2022 жылдың 28 қыркүйегінде сағат 15:20 шамасында орын алды. Жүргізуші аталған жол бойымен шығыс бағытта келе жатқан. Бір сәтте ол рөлге ие бола алмай, жолды екіге бөліп, ортада өсіп тұрған ағаштарға соғылды.

Жол апаты салдарынан 19 жастағы жүргізуші жарақат алып, жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.

Жол апаты

Сурет: Zakon.kz

Материал Бостандық ауданы ПБ қызметкерлері өндірісіне алынды. Алматы қаласы ПД Анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов

Апат салдарынан әл-Фараби даңғылында бірнеше шақырымға созылған көлік кептелісі орын алды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз