Алматыда Bentley элиталы көлігі жол апатына ұшырады

Жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2022 22:19 Сурет: Zakon.kz.
Әл-Фараби даңғылы бойында Достық даңғылымен қилыста батыс бағыттағы жолайрықтан кейін жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апатқа ұшыраған тараптардың айтуынша, Infinity жол талғамайтын көлігі бір сәтте "дойбы жүрісі бойынша" (яғни, әр қатарда кетіп бара жатқан көліктердің арасымен жүру) шалт қимылдап, ойқастай жөнелген. Соның бірінде - шеткі сол жаққа алу кезінде ол апатқа ұшырады.

Көлік жүргізушісі алдында тұрған көліктердің кептелісте тұрғанын ескермеген.

Осылайша, баяулауды ойына алмаған кроссовер жүргізушісі алдында тұрған Bentley-ді түйіп жібереді, ол өз кезегінде бар инерциясымен алдындағы Subaru көлігін соқты.

Куәгерлердің айтуынша, апат салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сурет: Zakon.kz.

Сурет: Zakon.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: