Жаңалықтар тізбегі
0

Автосалондарда жаңа көлік жоқ. Мамандар оның бірнеше себебін атады

Тапшылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2022 21:55 Сурет: freepik
Елімізде қолында ақшасы барлар жаңа көлік таба алмай сенделіп жүр. Бар болса, бағасы удай қымбат. Өйткені Қазақстанда қазір зауыттан шыққан су жаңа көліктерге қатысты тапшылық туындаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Автосалондарда көлік жоқ. Тұтынушылардан 5-6 ай күте тұру сұралыпты. Мамандар мұның бірнеше себебін атады, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Қолымда ақшам бар. Бірақ маған салонда машина жоқ деп айтты. 5-6 ай күту керек дейді кем дегенде. Астана қаласының тұрғыны Біржан Ережеев

Автосарапшы Алексей Алексеевтің айтуынша, көлік тапшылығына бірнеше фактор әсер етіп отыр.

Басты себеп - микрочиптердің, өзге де электронды компоненттердің тапшылығы. Онсыз заманауи көлік жасалмайды. Салдарынан, дүниежүзінде, соның ішінде АҚШ, Қытай, Кореяда автоиндустрия қарқынды дамымай тұр. Екіншіден, Ресей мен Украинадағы жағдай әлемдегі экономикалық байланыстарды, логистиканы, жеткізу тізбектерін бұзуда. Автосарапшы Алексей Алексеев

Еліміз бұрын Ресейден алса көлікті, қазір  импорт тоқтаған. Керісінше, рубль бағамының бұрын-соңды болмаған дәрежеде өсуі салдарынан енді ресейліктер бізге ағылып, Қазақстан нарығынан көліктерді белсене сатып алуда. Сол себепті, баға шарықтаса да, жаңа автокөлік саудасы 25 процентке  өсіп, сегіз айда Қазақстандағы жаңа көліктер сатылымы 75 мыңға жеткен.

Ағымдағы жылдың 8 айында елімізде  62 мыңнан астам жеңіл көлік шығарылып, дилерлік орталықтарға жеткізілді, өсім өткен жылмен салыстырғанда 32%. Қазіргі уақытта отандық өндірушілер тұтынушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жеткізілімдерді барынша жедел жүргізуге тырысуда. Дегенмен, кейде сатып алушы дилерлік орталықта бар  көлік моделінен басқа модельді сатып алғысы келетін жағдайлар бар. Осы ретте ол орталықта өтінім қалдырып,  қажетті көліктің түсуін күтеді. Күту уақыты - орта есеппен 1 айдан 2 айға дейін. ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің баспасөз хатшысы Айнұр Ақылбайқызы

Кім болса да сапалы әрі қымбат көлікті мінгісі келеді. Бірақ, шетелдік машиналар ғана емес, отандық көліктердің де бағасы шарықтап тұр. Бағаға утильдік алым әсер етеді. Ал утилизациялық алым көліктің қозғалтқыш көлеміне қарай төленеді.

Қозғалтқыш көлемі 1 ден 2 литрге дейінгі автокөліктерге бұрын 1 072 050 теңге болса, қазір 556 000 теңге. Ал, бұрын қозғалтқыш көлемі 3 литр немесе одан көп көлікке 3 522 450 болса, қазір 1 828 500 болып бекітіліп, екі есе азайған.

Сарапшылар Үкіметке баж салығын елеулі түрде азайтуды, тұңғыш жаңа көлігін сатып алатын азаматтарға жеңілдік жасап, утильалымнан мүлдем босатуды, еліміздің автоқұрастыру нарығын жасанды жолмен шектей бермей, шетелдік барлық автоконцерндер үшін айқара ашуды ұсынады. Әйтпесе, мына қарқынмен болашақта еліміз ескі көліктердің  мекеніне айналуы ғажап емес дейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: