Жаңалықтар тізбегі
0

Шығыста қар жауады: 30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Қазақстан, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2022 16:15 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК мамандарының болжауынша, 30 қыркүйек күні еліміз бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл, шығыста көктайғақ болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамынша, солтүстік антициклонның әсерінен елдің солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.

Атмосфералық фронттардың әсерінен ҚР батысында жаңбыр, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), шығысында қар жауады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл, шығыста көктайғақ болады. "Қазгидромет" РМК

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік- шығыстан жел соғады, түнде күші 2-7, күндіз 5-10 м/с болады. Ауаның температурасы түнде -6...-8°С, күндіз +3...+5°С болады.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауаның температурасы түнде +8...+10°С, күндіз +15...+17°С болады.

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +8...+10°С, күндіз +23...+25°С болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: