Алматыда жол апаты орын алып, бір отбасы мүшелері ауруханаға түсті

Жол апаты Сурет: Zakon.kz
Алматыда Наурызбай ауданындағы жаяу жүргіншілер жолағында жол апаты орын алып, бір отбасының төрт мүшесі ауруханаға түсті, бір бала туыстарына тапсырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Subaru Legacy жүргізушісі Алатау көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Көлік ішінде жүргізушінің әйелі және 2006, 2008 және 2014 жылғы үш баласы болған. Subaru-дың артында HOWO бетон араластыратын жүк көлігі келе жатады.

Жаяу жүргіншілер жолағы

Сурет: Zakon.kz

Жол апаты

Сурет: Zakon.kz

Райымбек даңғылына жетпей, Subaru жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағы алдына тоқтап, адамдарды өткізеді. Ал оның артында келе жатқан жүк көлігі тежегішті басқанымен, діттеген жерде тоқтап үлгермей Subaru-ды іліп, төңкеріп тастады.

Жол апаты

Сурет: Zakon.kz

Жол апаты

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнына келіп жеткен дәрігерлер ер адам мен әйелді, сондай-ақ 2006 және 2008 жылы туған екі баланы ауруханаға жатқызды. Зардап шеккен 2014 жылғы бала туыстарына тапсырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз