Алматыда Құлжа тас жолында жол апаты болып, үш адам ауруханаға жатқызылды
Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы Құлжа трактісінде 28 ақпанға қараған түні жаппай жол апаты орын алып, салдарынан үш адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша, BMW 5 автокөлігінің жүргізушісі оңтүстік бағытта келе жатып, ұзақ бұрылыста рульге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.

Сурет: Zakon.kz
Онда Hyundai көлігімен соқтығысып, артынша BMW екі Toyota Carina E және Hyundai Elantra көліктерімен соқтығысқан.

Сурет: Zakon.kz
Апаттан BMW жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ бір Toyota Carina E жүргізушісі зардап шегіп, ауруханаға түсті.

Сурет: Zakon.kz
Оқиға орнында жол-патрулі мамандары, ЖКО-ның мән-жайын анықтады.

Сурет: Zakon.kz
Бұған дейін Қостанайда фельдшерді ұрған апалы-сіңлілер сот алдында жауапқа тартылуда екендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript