Алматыда болған жол апатынан екі адам ауруханаға түсті - кінәлі ізін суытып үлгерген

Алматыда Айнабұлақ шағынауданында, Жұмабаев көшесінде 24 ақпанға қараған түні жол-көлік оқиғасы орын алып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала ақпарат бойынша, Жұмабаев көшесімен батыс бағытта келе жатқан BMW X5 автокөлігін Hyundai Elantra көлігі соғып кеткен.

Сурет: Zakon.kz
BMW жүргізушісі апаттан қашпақ болып, қарсы жолаққа шығып, Hyundai Accent көлігімен соқтығысқан.

Сурет: Zakon.kz
Қатты соққы екі көлікке де айтарлықтай зақым келтірді. BMW арықтан өтіп, тіреле тоқтаған.

Сурет: Zakon.kz
Екі жүргізуші де жарақат алып, ауруханаға түсті. Ал, Hyundai Elantra жүргізушісі оқиға орнынан ізін суытып үлгерген.
Жол полициясының қызметкерлері апаттың барлық жағдайларын анықтау үшін тергеу жүргізуде.
Бұған дейін Павлодарда көлік айдап келе жатқан тұрғынның қайтыс болғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript