Алматыда жүк көлігімен болған жол апатынан екі адам ауруханаға түсті
Сурет: Zakon.kz
Алматыда Kia Bongo шағын жүк көлігі мен Mercedes-Benz автокөлігінің соқтығысуы салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Апат Харьковская мен Лермонтов көшелерінің қиылысында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Mercedes көлігі Лермонтов көшесімен келе жатып, қиылысқа шығар кезде белгіге мән бермей, жол бермеген. Сол сәтте Харьковская көшесімен келе жатқан Kia Bongo жүк көлігіне жол бермеген.
Соққыдан кейін жүк көлігі аударылып, жеңіл автокөлікке соғылған.
Соқтығыс салдарынан Mercedes көлігі жол шетіндегі қозғалыс жолағынан шығып кетіп, жеке үй қоршауының маңындағы үйіндіге барып тірелген.
Апат нәтижесінде екі жүргізуші де жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді.
Оқиғаның мән-жайы мен себептерін жол полициясы қызметкерлері анықтап жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Алматы маңындағы жантүршігерлік жол апатында екі адам қаза тапқанын хабарлаған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript




