Қазақстанда көмірді онлайн сатып алу жобасы іске қосылды

ҚР үкіметі, көмір Сурет: pixabay
Пилоттық жоба Қостанай облысында іске қосылды. Болашақта халыққа ыңғайлы болу үшін көмірді маркетплейстер мен банк қосымшалары арқылы өткізу жолдары пысықталып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкіметте өткен кеңесте халықты көмірмен қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Үкіметтің мәліметінше, 2022 жылғы қаңтар-тамызда елімізде 73,7 млн тонна көмір өндірілген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2%-ға көп. Көмір өндіруші кәсіпорындардың деректері бойынша оның негізгі шамадағы құны өткен жылғы деңгейде сақталған.

Ал сату орындарында көмір бағасының өсуіне жол бермеу үшін оны үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету және автомобиль көлігімен елден тыс жерлерге әкетуді шектеу (6 айға) жөнінде шаралар қабылданды.

Сонымен қатар азаматтарға ыңғайлы болуы үшін көмірді танымал маркетплейстер мен банк қосымшалары арқылы өткізу жолдары пысықталып жатыр. Бұл бағытта еліміздегі ең ірі банктердің бірі Қостанай облысында пилоттық жобаны іске қосты.

Премьер-министр бұл тәсіл көмір сатылатын орындарда кезектерді азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бұл тұтынушыларға қолайлы, өте жақсы цифрлық шешім. Үйден шықпай-ақ көмірге тапсырыс беруге болады. Жергілікті жерлерде тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, — деді Әлихан Смайылов.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз