Жұмыс берушілерге арналған сервис іске қосылды
Сервис жұмыс берушілерге өз қызметін еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеруге мүмкіндік береді.
Сервис жұмыс берушілерге еңбек саласындағы құжаттаманы дайындау және жүргізу процесін жеңілдетуге және еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бойынша цифрлық құралдарды енгізу есебінен елдің кәсіпорындарында еңбек жағдайларын жақсартуға жәрдемдесуге арналған. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі
«Онлайн еңбек консультанты» сервисін пайдалана отырып, жұмыс берушілер еңбек заңнамасының қыр-сырын түсіне алады, сондай-ақ іс-әрекеттерінің заңнама нормаларына сәйкестігін анықтап, мемлекеттік еңбек инспекциясы қоятын талаптар бойынша жедел түсініктемелер ала алады.
Осы сервис аясында тексеру жасырын жүргізіледі және жұмыс берушілерден алдын ала тіркеуді талап етпейді, тек еңбек жағдайлары, қызметкерлер құрамы және т.б. бойынша жалпы сауалнаманы толтыру қажет. Тексеру нәтижелері бойынша, сервис ҚР Еңбек кодексінің талаптарын бұзушылықтарды көрсетумен қатар, оларды жою бойынша ұсынымдар шығарады.ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі
Осылайша, жұмыс беруші өз мәселелерін аталған сервистің көмегімен алдын ала пысықтап, нақты тексеру жағдайында ұйғарымдар мен әкімшілік айыппұлдардан құтыла алады.
Қазіргі уақытта сервисте өзін-өзі тексеруге арналған бірнеше түрлі тақырыптар бар: жұмысқа қабылдау мен еңбек тәртібінен бастап еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына және қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін еңбек ерекшеліктеріне дейін.
Сауалнамалар 12 тақырыптық тексеру парағына орналастырылған және жұмыс берушілерге бұзушылықтардың ауырлығын анықтауға көмектесетін 80-ге жуық сұрақтан тұрады.
Сервиске мына сілтеме арқылы кіре аласыз: https://inspector.enbek.kz. https://enbek.kz.
Сервис алғаш рет іске қосылғандықтан әрі пилоттық режимде жұмыс істейтіндіктен, оның жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді қуана қабылдаймыз және оларды support-ehr24@enbek.kz поштасына жіберулеріңізге болады.