Қыркүйек айында елімізде инфляция деңгейі 18 пайызға жуықтады

Ұлттық статистика бюросы, жылдық инфляция Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы қыркүйектегі инфляция деңгейі тамызбен салыстырғанда 1,8%-ға өсіп, жылдық инфляция деңгейі 17,7%-ға жетті. 2022 жылғы қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 22,2%-ға өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыркүйек айында инфляцияның ең жоғары өсім қарқыны ақылы қызметтер саласында байқалды – 2,7%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 1,9%-ға қымбаттады.

Статистиктердің мәлімдеуінше, ақылы қызметтер арасында бір айдың ішінде ең жоғары өсім тұрғын үйді жалға беру саласында байқалды – 13,1%, білім беру қызметтері 7,1%-ға өсті.

Азық- түлікке жатпайтын тауарлардың ішінен жиһаз бен тұрмыстық заттар бағасы 5%-ға көтерілді, жуу және тазалау құралдары 4,4%-ға, жеке пайдалануға арналған тауарлар 2%-ға, киім мен аяқ киім 1,9%-ға қымбаттады.

Отын бағасы 3%-ға, тас көмір 2,9%-ға, баллондардағы сұйытылған газ 1,5%-ға өсті.

Азық-түлік тауарларының бағасы бір айда 1,2% өсті. Жұмыртқа бағасы 7,5%-ға, күнбағыс майы 4,6%-ға, күріш, макарон өнімдері әрқайсысы 4,1%-ға, тоқаш және ұн өнімдері 3,8%-ға, жармалар 3,2%-ға, кондитер өнімдері 3,1%-ға өсті.

Бұл ретте, жаңа піскен көкөністер бағасы 10,2%-ға, картоп 8,5%-ға, құмшекер 5,2%-ға, жаңа піскен жемістер 3%-ға арзандады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз