Жаңалықтар тізбегі
0

Министрлік "Бақытты отбасы" бағдарламасынан "Толық емес отбасы" санаты неліктен алынып тасталғанын түсіндірді

үй, ипотека, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2022 14:29 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
ИЖИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол толық емес отбасылар жылына 5%-бен ғана үй ала алатынын айтты. Жылдық 2% жеңілдік бағдарламасы олар үшін қолжетімді болмайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бауыржан Қабдол "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша жеңілдетілген ипотека алуға кезекте 621 мың адам тұрғанын хабарлады.

Мүгедектігі барлар өз бетімен баспана ала алмайды, мемлекет оларға көмектеседі. Толық емес отбасылаға келсек, біз оларды алып тастаған жоқпыз, Олар топта, бірақ бағдарлама бойынша екі нұсқа бар – 2% және 5% . Мемлекет 2%-ға 51 млрд бөлді, қалғанына 5%-дан беріледі.ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол

Өз кезегінде "Отбасы банкінің" басшысы Ләззат Ибрагимова мүмкіндігі шектеулі жандарды баспанамен қамтамасыз ету мемлекеттің басым бағыты екенін айтты.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін 146 986 толық емес отбасы жеңілдетілген ипотекаға кезекте тұрса, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасы 24 мың, яғни айырмашылық жеті есеге жеткен.

Әрине, олардың да (толық емес отбасылар – ред.) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары деген уәждері бар. Бірақ менің ойымша, әлеуметтік қоғамдағыдай, ең әуелі мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға көмектесу керек. Банк алдағы бес жылда осындай кем дегенде 15 мың отбасын баспанамен қамтамасыз ету міндетін қойып отыр. "Бақытты отбасы" бағдарламасына келсек, біздің басты назарымыз мүгедектігі бар балаларды, мүгедектігі бар ересектерді, жетімдерді және көпбалалы отбасыларға бағытталады.Ләззат Ибрагимова
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: