4 қазанда антициклон күн райына қалай әсер етеді

Ауа райы болжамы, Қазақстан, Алматы, Шымкент Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 4 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мамандарының айтуынша, еліміздің басым бөлігінің ауа райын солтүстік антициклон анықтайды, сондықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Тек еліміздің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жауады. "Қазгидромет" РМК

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, солтүстікте, шығыста тұман, оңтүстік батыста шаңды дауыл күтіледі.

Түркістан, Қызылорда облыстарының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады, Жамбыл облысының таулы аудандарында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында 1-3 градус үсік күтіледі.

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші – 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде -3...-5°С, күндіз +11...+13°С болады.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші – 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде +4...+6°С, күндіз +18...+20°С болады.

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан жел соғады, күші – 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде +6...+8°С, күндіз +20...+22°С болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз