18 наурызда антициклон еліміздің ауа райына қалай әсер етеді

Астана, Алматы, Шымкент, ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2023 17:16 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылдың 18 наурызына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) пен көктайғақ болжанды", - дейді синоптиктер.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, республиканың оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы -11-13°С, күндіз 0+2°С.

Алматы: бұлтты, әлсіл-әлсін жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, тұман түседі. Желдің екпіні 2-7 м/с болады. Ауа температурасы түнде -1-3°С, күндіз 0+2°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +18+20°С.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: