Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР СІМ: ҰҚШҰ-ның Ресей-Украина қақтығысына қатысу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, ҚР СІМ, Ресей, Украина, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2022 16:45 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) Ресей – Украина қақтығысына араласпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол Қазақстан халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысы қағидаттарын ұстанатынын атап өтті.

Жалпы алғанда, ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аймағы ұйымға мүше мемлекеттердің халықаралық мойындалған аумақтарымен нақты белгіленген және осы аумақтар шеңберінде ұжымдық қауіпсіздік қамтамасыз етілген. Сондықтан ҰҚШҰ-ның ресейлік-украиндық қақтығыс аймағына қатысу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ, – деді Айбек Смадияров.

Украинадағы әскери қақтығыс 24 ақпанда басталды.

27 қыркүйекте өзін-өзі жариялаған ДХР, ЛХР, Запорожье және Херсон облыстарын Ресейге қосу туралы референдум аяқталды. Ресми мәлімет бойынша, бұл облыстардың тұрғындарының басым бөлігі "иә" деп дауыс берген. 30 қыркүйекте Кремльде Украина аумақтарының Ресей Федерациясына кіруі туралы келісімдерге қол қойылды.

26 қыркүйекте Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі референдумға қатысты ел ұстанымын жариялады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: