Жапониядағы жер сілкінісінен қазақстандықтар зардап шеккен жоқ – ҚР СІМ

Жапония, жер сілкінісі, Қазақстан, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Жапониядағы қазақстандықтар, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2022 10:07 Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Жапониядағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат түспегенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жапониядағы жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтар туралы мәлімет түскен жоқ. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров

16 наурызда Жапонияда күшті жер сілкінісі болды. Жапонияның солтүстік-шығысында болған 7,4 балдық жер сілкінісінен екі адам қаза тауып, 120-дан астам адам жарақат алды. Фукусима мен Мияги жағалауында тұратын жүздеген адам басқа жерлерге көшірілді. Апат салдарынан екі миллионнан астам үй электр қуатынсыз қалып, теміржол қатынасы үзілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: