Қазақтар Мурманскідегі вахтада неғып жүр?

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2021 22:49 видеодан кадр
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров түсінік берді.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Мурманскідегі төбелеске қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Ресейдің Мурманск облысында вахталық әдіспен жұмыс істеп жатқандар арасында жаппай төбелес болды. Олардың арасында қазақтар да бар. Оқиғаға қатысты Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров түсінік беріп, еліміздің Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы мәселені өз бақылауында ұстап отырғанын жеткізді.

Бұл жағдай тұрмыстық оқиға сипатына ие. Компания өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда мәселе шешіліп, қызметкерлер қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, жарақат алғандар мен құқық қорғау органдары ұстап алып кеткен азаматтар арасында қазақстандықтар жоқ, делінеді түсініктемеде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: