ОСК ҚР Президентінің сайлауына халықаралық ұйымнан 22 байқаушыны аккредиттеді

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2019 18:33 Zakon.kz
Байқаушылардың барлығы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша аккредиттелінді.

Орталық сайлау комиссиясы Сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының құрамына 22 байқаушыны аккредиттеді. Бұл туралы ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдина хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Байқаушылардың барлығы Сыртқы істер министрлігінің ұсынсы бойынша аккредиттелінді.

- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының құрамында 22 байқаушы аккредиттелді. Аккредиттеуге ұсынымдардың келіп түсуіне қарай байқаушылар жөніндегі деректер жаңартылады. Сонымен, бүгінгі таңда 67 халықаралық байқаушы аккредиттелді, - деді Баймолдина.

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2019 жылғы 3 маусым күнгі сағат 18.00-ге дейін жүзеге асырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: