Талғат Қалиев ҚР Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі болып тағайындалды
ҚР СІМ
Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы елшісі болып табылады.
Мемлекет басшысы Талғат Қалиевті Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі етіп тағайындады, деп хабарлайды zakon.kz.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Ғабдуллаұлы Қалиев Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша Арнайы өкілі қызметіне тағайындалды", делінген Ақорда хабарламасында.
Қалиев Талғат Ғабдулұлы 1962 жылы туған. 1986 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Тарих пәнінің мұғалімі. І-санаттағы кеңесші.
Ол Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы елшісі, сол секілді Румыниядағы уақытша сенімді уәкілі қызметін атқарған, әр жылдарда Қазақстанның Түркиядағы және АҚШ-тағы елшіліктерінде жұмыс істеді.
Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы елшісі болып табылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript