Жаңалықтар тізбегі
0

Дархан Қыдырәлі: Ақпараттық соғыс кезінде әрбір азаматқа үлкен жауапкершілік жүктеледі

Дархан Қыдырәлінің сұқбаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2022 22:43 Сурет: freepik
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі дәйексіз ақпараттардың төбе көрсетуі сипатындағы "гибридті соғыс" кезеңінде әрбір қазақстандықтың мойнына үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Интернеттің қазақстандық сегментіне арнайы күштер кибершабуыл жасауда, деп мәлімдеді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі "Apta" бағдарламасына берген сұқбатында.

Оның айтуынша, ғалымдар постшындық деп атаған бүгінгі кезеңде "гибридті соғыс" әлемде өршіп тұр. Мұндай мылтықсыз майдан кезінде дабыра, дабыл, анықталмаған ақпарат, дәйексіз деректер көп жағдайда жұртты шатастырады, оқырманды адастырады.

Біз осындай ақпараттық шабуылдың Қазақстанға да бағытталғанын көріп отырмыз. Бұл туралы Президент те Семейдегі сөзінде атап өтті. Шын мәнінде, ақпараттық соғыс кезінде бірлікті, елдікті, егемендікті тұғырлы ету үшін тек жазарман қауым ғана емес, тұтынушы қауымға да үлкен жауапкершілік жүктеледі. Өйткені ақпаратты тарату арқылы заңбұзушылық жасап отырғанымызды немесе тексерілмеген деректі таратып жатқанымызды аңғармай қалуымыз мүмкін. Жалпы, ақпараттық соғыс кезінде елдің кез келген азаматына үлкен жауапкершілік жүктеледі. Көп соны біліп, дұрыс түсінуі тиіс. Дархан Қыдырәлі

Сондай-ақ министр кибершабуылдардың үдеп жатқанын да баса атап өтті.

Техникалық жағынан, бұл DDoS шабуыл екендігі айтылды. Кибершабуылдардың да үдегенін көріп отырмыз. Мысалы, кеше Павлодарда фейк ақпарат тарады. Қазір оны да шетелдік азамат таратқанын біліп отырмыз. Мәселен, өткен бір айды алып қарасақ, елімізде діндер съезі өтті, Рим Папасы келді. Ол кісі Қазақстанды бейбітшілік аралына теңеп жатыр. Қазақстанды мұзжарғыш мемлекетке балағандар да бар. Қазақстан Президентінің сапарлары, мысалы бір төбе. Нью-Йоркке, БҰҰ-ға сапары үлкен резонансқа ие болды. Түркістан, Семейге жасаған сапарлары да өте жоғары бағаланып жатыр. Сондықтан Қазақстанды біреулер тұрақсыздықтың аралына айналдырғысы келетін сияқты. Сондай-ақ мұның барлығының сайлау алды кезеңмен тұспа-тұс келуі де ойландырмай қоймайды. Осының бәрінен бұл жайттың жүйелі түрде жасалынып жатқанын байқауға болады. Дархан Қыдырәлі

25 қыркүйекте Мемлекеттік техникалық қызмет Қазнетке ауқымды DDoS шабуыл жасалып жатқанын хабарлады. Кибершабуылдаушылар алған нысан - елдің мемлекеттік органдары мен Қазнеттің инфрақұрылымы екені нақтыланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: