Жаңалықтар тізбегі
0

Әскерден босатылған әскери қызметкерлер әлеуметтік бейімдеуден өтеді

ҚР ҚОрғаныс министрлігі, әскери қызмет, әлеуметтік бейімдеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2022 17:36 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі бұйрығымен Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінен шығарылатын адамдарды әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қағидалар бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта әлеуметтік бейімдеу шаралары екі бағытта: қайта даярлау және әлеуметтік-психологиялық қолдау бойынша іске асырылатыны жазылған.

Әлеуметтік бейімдеуге жататын адамды қызметтен шығарылғанға дейін 6 ай бұрын кадрлық әскери басқару органдары әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етуге, оның ішінде әскери қызмет өткеру кезеңінде азаматтық мамандық алу мақсатындағы құқығы туралы жазбаша хабардар етеді.

Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінен шығарылатын адамдарды тиісті мамандық бойынша жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарау үшін кадр органы тоқсан сайын қызмет өткеру орны бойынша бос орындарға мониторинг жүргізеді.

Мониторинг қорытындысы бойынша әлеуметтік бейімдеуге жататын адамға қызмет өткеру орны бойынша бос лауазымдар тізбесі және Қазақстан Республикасының әскери оқу орындарында қайта даярлау жүргізілетін азаматтық мамандықтар тізбесі ұсынылады.

Қосымша азаматтық мамандық алуға ниет білдірген, әлеуметтік бейімдеуге жататын адам Қазақстан Республикасының жоғары әскери оқу орындарына тиісті қайта даярлау курстарына жіберіледі.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен шығарылатын адамдарды бейімдеуді психологиялық сүйемелдеу тиімді әлеуметтік-психологиялық бейімдеудің қажетті компоненті ретінде ұсынылады, ол екі кезеңде жүргізіледі:

  • Бірінші кезең – әскери қызметтен шығарылғанға дейін 3 ай бұрын басталады. Осы кезеңде азаматтық қоғамдағы өмірге бейімделуге психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуді көздейтін психологиялық дайындау жүзеге асырылады.

  • Екінші кезең – білікті психологиялық көмек көрсету әскери қызметтен шығарылғанға дейін бір ай бұрын басталады. Осы кезеңдегі жұмыс қажетті жаңа дағдыларды қалыптастыруға: өзін-өзі жобалауға, тиімді қарым-қатынасқа және өзара іс-қимылға, жеке басының проблемаларын шешуге бағытталған. Жұмыс маман психологтың міндетті түрде апта сайынғы консультациялары нысанында ұйымдастырылады және жүргізіледі.

    Жеке консультациялар психологиялық қолдауға және психикалық төзімділігін сақтауға ықпал ететін аутотренингке, арнайы психикалық-техникалық жаттығуларға оқыту элементтерін қамтиды.

    Бұйрық 2022 жылғы 14 қазанда күшіне енеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: